Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешігуде

Автор: Дулат Асель

Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылып жатқан шаралар

Фото: depositphotos.com

Алматыда жауған қалың қар әуежай жұмысына әсер етуде. Өз кезегінде Air Astana әуекомпаниясы бірқатар рейстердің кешіктірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның мәлімдеуінше, қар ұшақтарға мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын дер кезінде жүргізуге кедергі келтіріп отыр. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылып жатқан шаралар. 

«Жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейстерінің статусын тексеру ұсынылды», - делінген әуекомпанияның хабарламасында.