Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
«Алтай Альпілері» демалыс орнында жаттығу кезінде аспалы жолдың арқаны үзіліп кетіп, жасөспірім жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан спортшылардың бірі, 2013 жылы туған қыз бала, иығынан жарақат алды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Қыздың ауыр жарақаттары анықталмағанымен, оны Ана мен бала орталығына жеткізді.
Әкімдіктің мәліметінше, оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері, ШҚО спорт басқармасының қызметкерлері және Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов келген. Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.