Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтожолға сілтеме жасап.
Қарағанды облысы:
2024 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Астана-Қарағанды-Алматы автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Қызылорда-Павлодар автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы.
Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласына дейін.
Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 231-324 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасы -Ботақара ауылы.
Ақмола облысы:
2024 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты Астана-Қарағанды-Алматы автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Павлодар облысы:
Қызылорда-Павлодар автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы.
Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» автожолының 137-231 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасы -Баянауыл ауылы.
Ұлытау облысы:
Қызылорда-Павлодар автожолының 788-906 шақырым аралығы, Жанаарқа ауылы-Қарағанды облысының шекарасы
Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.