Шымкентте екі қабатты мейрамханадан шыққан өрт сөндірілді

Автор: Дәулет Ботагөз

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Фото: ҚР ТЖМ

Шымкенттің Әл-Фараби ауданында орналасқан екі қабатты мейрамханадан өрт шықты, деп деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Республика даңғылындағы екі қабатты мейрамханада болған өрт құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында сөндіріліп, жалынның таралуына жол берілмеді. Өрт аумағы 30 шаршы метрді қамтыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.