Ақпарат Кремльдің ресми сайтында жарияланды
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Мәскеу облысындағы Ново-Огарёво резиденциясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу туралы ақпарат және фотосуреттер Кремльдің ресми сайтында жарияланды. Алайда, кездесудің мазмұны мен талқыланған мәселелер жөнінде қосымша ақпарат берілген жоқ.
Айта кету керек, былтыр желтоқсан айында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізгені хабарланған еді. Ақпаратты Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растаған болатын.
ТАСС агенттігі Назарбаевтың Мәскеуде болғанын жазды.
«Иә, Назарбаевтың Мәскеуде болғаны рас. Президентпен (Путинмен – ред.) жеке кездесу өткізді», – деді Песков былтыр желтоқсанда.