14.12.2024, 08:57
Жаңалықтар
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 2 адам құтқарылды
Оларға медициналық көмек қажет болмады
Фото: depositphotos.com
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 2 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, «Достық-Мақаншы» автожолында жүк автокөлігі қар құрсауында қалып, жүргізуші 112 пультіне жүгінген.
«Қатты боран жағдайында ТЖМ құтқарушылары шақыру орнына келіп, Алакөл ауданының Достық станциясындағы ең жақын жылыту пунктіне дейін фураның жүргізушісі мен жолаушысын эвакуациялады», - делінген ТЖМ забарламасында.
Саяхатшылар аман-есен. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды