Ұрылар Астананың бас символы Бәйтеректі жарықсыз қалдырды

Автор: Мақсат Әсел

Сол жағалаудағы бірқатар тұрғын үйде де жарық өшіп қалды

Фото: depositphotos.com

Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үйде жарық өшіп қалды. Сонымен қатар Астананың бас символы Бәйтерек те жарықсыз қалды.  «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі орын алған жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мекеменің хабарлауынша, 13 желтоқсан күні «Шұбар» қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар өшірілген. Шектеуде үш тарату пункті бар. Оған кабельдік желіні ұрлау себеп болған.

«4 жедел-көшпелі бригада оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз», - делінген «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.