Олардың отау құрғандарына бір жыл ғана болған екен
Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді. Қайғылы жағдай жыл басында болған. Келіншегінен күдіктенген отағасы оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың отау құрғандарына бір жыл ғана болған екен. Қылмыскер бұған дейін сотты болмаған. Осыны ескерген сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.
«Жұбайын өлтіру бойынша 1 факт орын алған. Ол биыл болған. Жолдасының басқа адаммен көңілдес болып жүргенін естиді сотталушы азамат. Сол қызғану себебінен ұрып-соғып өлтіреді. Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан. 10 жыл бас бостандығынан айрылған. Жасы 50-дегі азамат», - деді Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов.