Тренд видео түсіремін деген әншінің анасы жұрттың сынына қалды
Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртас Айдарбековпен трендтегі видеолардың бірін түсіремін деп сынның астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің анасы видеосын Instagram парақшасына жариялаған.
«Ойын- күлкі витамин, күлімдеп жүріңіздер. Бізде трендтен қалмайық», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Алайда, жұлдызды отбасының бұл видеосы желі қолданушыларының көңілінен шыққан жоқ.
«Жүгіргені түйе сияқты екен, өңкілдеп ірік ірік етіп», «Көктемге әлі ерте емес пе?», «Кәрі түйе ойнақтаса, жұт болады деуші еді», «Кейбір қылықтарыңыз ұнамсыз», - деп жазды желі қолданушылары.