12.12.2024, 08:23
Жаңалықтар
Қазақстандық спортшылар жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Отандастарымыз 4х50 метрлік аралас эстафетаны 1:42.20 уақытта аяқтады
Фото: olympic.kz
Қазақстандық жүзушілер Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартуды жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
11 желтоқсанда спортшыларымыз 4х50 метрлік аралас эстафетада жаңа рекорд жасады.
Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя және Ксения Игнатова эстафетаны 1:42.20 уақытта аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан рекордын Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй) және ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стильдегі эстафетада жаңартқан еді.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды