20.05.2020, 16:31
Жаңалықтар
Ауызашарды үйде емес, кафеде жасауға болады – бас санитар дәрігер
Мейрамханалар санитарлық ережелерді сақтай отырып, 30 адамға дейін қабылдай алады
Фото: ашық дереккөзден
ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Azattyq rýhy-ның «Кафеге 30-50 адам шақырып, ауызашар жасауға бола ма, үйге де сонша кісі шақыруға бола ма?» деген сұрағына жауап берді.
Оның сөзінше, мейрамханалар санитарлық ережелерді, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып 30 адамға дейін қонақ қабылдай алады.
«Бірақ үйге 30 адам шақыруға болмайды. Себебі, бір адам ауырып қалса, айналасына, туыстарына жаппай жұқтырып, жағдай қиындап кетеді», - деді Айжан Есмағамбетова.
Мұның алдында 1 адамның салғырттығынан 40 адам ауырып қалғаны туралы жазғанбыз.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады