$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада мешітке жамағат кейпінде келген ер адам қымбат тонды ұрлап кетті

Ұрланған тонның құны 400 мың теңге тұрады

Астанада Әл-Фараби атындағы мешітке жамағат кейпінде келген ер адам бөтен адамға тиесілі қымбат тонды ұрлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияға жергілікті тұрғындардың бірі қалалық мешіттердің бірінде тоны ұрланғанын айтып шағым түсірген.

Жедел іздестіру нәтижесінде бейнебақылау камералары арқылы «Iceberg» маркалы қымбат тонды ұрлады деген күдікпен 22 жастағы жас жігітті анықтады.

«Күдікті мешітке жамағаттың кейпін жамылып келіп, намазға жығылуға кеткен азаматтың күртесін киіп мешіттен еш қиындықсыз шығып кетеді. Осылайша қала тұрғынына 400 мың теңгедей шығын келтірді.

Айыптаумен әшкереленген адам қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті ұрланған киімді иесіне қайтарып береді.

Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да 2 ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтады», - делінген қалалық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #мешіт