Жекпе-жек көрмелік сипатта өтеді деп күтілуде
Бұрынғы әлем чемпионы, 45 жастағы филиппиндік Мэнни Пакьяо мен UFC-дің қос салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы, 36 жастағы ирландиялық Конор Макгрегор 2025 жылдың жазында Ресейде жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап
Бұл жекпе-жек «IBA Чемпиондар түні» турнирлерінің бірінде өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болуы ықтимал. Қазіргі уақытта тараптар бұл кездесуді ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Жекпе-жек көрмелік сипатта өтеді деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Конор Макгрегор ММА-дегі соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың шілдесінде өткізіп, бірінші раундта Дастин Порьеге қарсы ауыр жарақаттан (аяғы сынған) техникалық нокаутпен жеңілген еді.
Мэнни Пакьяо соңғы кәсіби жекпе-жегін 2021 жылдың тамызында өткізіп, кубалық Йорденис Угасқа төрешілер шешімімен есе жіберген болатын.