Дауылды ескерту: бірқатар аймақта бұрқасын және екпінді жел күтіледі
Астанада түнде және таңертең тұман болуы мүмкін

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде тұман, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Әсіресе Жетісу, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с-қа жетуі мүмкін. Кей өңірлерде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол анық көрінбеуі ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысы
Жетісу облысының солтүстік бөлігінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысы
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Астана
Астана қ.: 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысы
Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман күтіледі.
Ақмола облысы
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 10 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысы
Түнде Павлодар облысының шығысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 10 желтоқсанда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 10 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысы
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында 15- 20 м/с. Шымкент қ.: 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.