$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда пәтерді жалға алушы үйдегі бөтеннің мүлкін ұрлап кеткен

Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындаған

Қарағандыда пәтерді жалға алушы үйдегі бөтеннің мүлкін ұрлап кеткен
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қарағанды қаласының Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрланған мүлікті жылдам іздеп тауып, иесіне қайтарып берді. Бұл оқиға қала орталығындағы жалдамалы пәтерде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

38 жастағы әйел Қарағанды қаласының орталығындағы пәтерді сегіз мың теңгеге жалға алған. Екі күн өткен соң, пәтер иесі жалға алушыдан төлемақысын алуға келгенде, құны 100 мың теңге тұратын теледидардың жоғалғанын байқаған. Келеңсіз жағдайға тап болған азаматша дереу полицияға жүгінді.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Тәркіленген теледидар иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары