$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда полицейлер 10 жастағы қыздың адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқанын анықтады

Отбасы бұған дейін ешқандай есепте тұрмаған және сырттай жағдайы жақсы деп саналған

Павлодарда полицейлер 10 жастағы қыздың адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқанын анықтады
Видеодан алынған кадр

Павлодар облысында тәртіп сақшылары 10 жастағы қыз баланың адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанын анықтады. Қыз үйдегі шашылып жатқан заттар мен қоқыстардың арасында ұйықтаған. Ал көрші бөлмеде оның ішімдік ішкен әжесі мен таныстары отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тексерушілер бұл үйге кездейсоқ келген. Себебі бұл отбасы бұған дейін ешқандай есепте тұрмаған және сырттай жағдайы жақсы деп саналған. Алайда комиссия көрген жайт оларды шошытты. Қыз баланың киімдері жұпыны, ал бөлмесі қоқыстарға толы болған. Үйдің «иесі» екенін айтқан әйел мас күйінде болған, жанында бейтаныс ер адам жатқан.

Белгілі болғандай, қыздың анасы мен азаматтық некедегі күйеуі жұмысқа кеткен. Ал қызға әжесі қарайлап жүрген. Алайда отбасы сол әженің үйінде тұрған.

Полицейлер қыз баланы отбасынан уақытша алып, туыс әпкесінің қарауына тапсырды. Ал ішімдік ішпейтін анасына басқа баспана табуға уақыт берілді.

«Қауіпсіздікті үйренеміз» жобасы аясында Ақсу қаласының ювеналды полиция қызметкерлері Сарышығанақ ауылында кәмелет жасына толмаған баланың өмір сүруге қолайсыз жағдайда тұрғанын анықтады. Тергеу барысында қыздың анасы азаматтық некедегі күйеуінің анасымен бірге тұрып жатқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Белялова.

Серіктес жаңалықтары