Оқиға 2000 жылы Нью-Йорктегі MTV Video Music Awards марапаттау рәсімінен кейінгі кеште болған
Америка шоу бизнесінде тағы бір шу шықты. Jay-Z лақап атымен танымал рэпер Шон Кори Картерге атышулы әріптесі P.Diddy-мен бірге 2000 жылы 13 жастағы қызды зорлады деген айып тағылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Nbcnews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, 13 жастағы қыз бала 2000 жылы Нью-Йорктегі MTV Video Music Awards марапаттау рәсімінен кейін өткен үй кешінде зорланған.
Сотта 13 жастағы қыз баланың салтанатты рәсімге билеті болмағаны және лимузин жүргізушілеріне шоуға немесе одан кейінгі кешке қатысуға көмек сұрағаны айтылады. Сол сияқты жүргізушілердің бірі оның P.Diddy-дің қол астында жұмыс істейтінін және ол «рэпердің іздегеніне сай келетінін» айтқан. Ол оны шоудан кейінгі кешке шақырады.
Бұған қоса, кешке қатысу үшін құжатқа қол қоюға мәжбүр болғаны да айтылады. Құжатта кеште болған оқиғаларды жария етпеу мәселесі көрсетілген. Ал өзіне құжаттың көшірмесі сол қалпы берілмепті. Әйел адамның айтуынша, кеш өткен үйде марихуана мен кокаин қолданған атақты адамдар көп болған көрінеді.
Көп ұзамай Jay-Z осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
«Бұл айыптаулар соншалықты жиіркенішті. Мен сізден азаматтық емес, қылмыстық шағым беруіңізді өтінемін! Кәмелетке толмаған адамға қарсы осындай қылмыс жасаған кез-келген адам қамауға алынуы керек, әлде сіз бұл оймен келіспейсіз бе? Сол күнгі болжамды құрбандар әділеттілікке лайықты болар ед», — деп жауап берді Jay-Z NBC News-тің өтінішіне.
Айта кетейік, қыркүйек айында танымал рэпер P.Diddy-ге рэкет жасау, адам саудасы, жыныстық қанау және басқа да қылмыстар бойынша айып тағылып, түрмеге қамалды. Өткен айда оған үшінші рет кепіл бойынша босату туралы өтінішінен бас тартылды. Оның соты 5 мамырға белгіленді.