09.12.2024, 09:48
Жаңалықтар
Иан Гэрри Шавкат Рахмоновтан ұтылған соң қазақша «сөйлеп кетті»
Иан Гэрри отандасымызға деген құрметін ерекше білдірді
Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Иан Гэрри қазақстандық қарасыласы Шавкат Рахмоновтан ұтылғаннан кейін қазақ тілінде Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сізді және таланттарыңызды құрметтеуден басқа ештеңем жоқ. Құттықтаймын, мен сені қайтадан көретін уақытты асыға күтемін – сіз де, мен де кімнің қауіптірек жауынгер екенін білеміз», - деп Иан Гэрри қазақша жазды.
Ол сөз басында Шавкатқа қатысты ойын ерекше жеткізді.

«Шавкат, Сен титулды жекпе-жегіңді тәуекелге буып, кездесуге шықты», - деп отандасымызға құрметін жеткізді.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде өткен жекпе-жекте ирландиялық Иан Мачадо Гэрриді жеңген болатын.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)