Жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» тақырыбына арналды
2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қатар астанасындағы айтулы іс-шарада геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланып, түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер мен идеялар айтылады», — делінген хабарламада.