«Харам деді»: Айқын Төлепберген тойына экс-продюсерінің неліктен келмегенін айтты

Автор: Дулат Асель

Әншінің айтуынша, шоу-бизнесте дін жолына түскен әншілер көп

Видеодан алынған кадр

Әнші Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas бағдарламасына берген сұхбатында шоу-бизнестегі дінге бет бұрған әріптестері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші сөз арасында өзінің экс-продюсері Эрик Тастембековтің де діни жолға түсіп, тіпті осы себептен тойына келмегенін атап өтті.

«Дінге қатты бет бұрып, әншілікті тастап кеткен әртістер бар. Бірақ 5-6 жылдан кейін олардың қайтып келетініне сенімдімін. Алайда сахнаға қайта оралу қиын болады. Тіпті менің бұрынғы продюсерім Эрик Тастембеков осы себеппен менің тойыма келген жоқ. Айтуынша, бұл - харам. Бірақ бұрында ол кісі мүлдем басқа болатын. Музыкаға тыйым дегенді түсінбеймін. Меніңше, бұл сәл теріс ағымның ұстанымы. Қазір кім көрінген уағыз айтатын болған. Бұны заңмен реттеу керек деп ойлаймын.Тіпті домбыраны харам дейтіндер бар. Оны қалай харам деуге болады? Құдай музыканы жаратты, яғни музыка болуы керек», - деді ол.