06.12.2024, 20:02
Жаңалықтар
Бокстағы жанжал: экс-министрдің ағасы төрешімен төбелесті (ВИДЕО)
Дәл осындай оқиға осыдан жеті жыл бұрын да болған
Видеодан алынған кадр
Ақтауда бокстан кезекті турнир өтіп жатқан сәтте жаттықтырушы Ерік Маржықпаев төрешіге қатысты наразылығын жұдырықпен білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Kozachkow телеграмм каналына сілтеме жасап.
Ерекше назар аудартатын жайт – дәл осындай оқиға осыдан жеті жыл бұрын да болған. Сол кезде Ерік Маржықпаев басқа турнирде төрешіні ұрып, дисквалификацияға ұшыраған еді.
Ол кезде жаттықтырушы арбитрлердің оның ұлына әділетсіз шешім шығарғанына наразы болған.
Айта кетейік, Ерік Маржықпаевтың спорт әлеміндегі тағы бір танымал тұлғамен туыстығы бар. Ол бұрынғы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың туған ағасы. Шенеунік Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін қызметінен кеткен болатын.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды