06.12.2024, 17:53
Жаңалықтар
ЮНЕСКО қорғауына алған беташарда оғаш қылық танытқан келін сынға қалды (ВИДЕО)
Видеода жас келін сәлем салудың орнына орынсыз әрекеттер жасаған
Фото: Видеодан скриншот
Үйлену тойының алдында өткен беташарда жас келіннің сәлем салғаны жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода жас келін сәлем салудың орнына орынсыз әрекеттер жасаған. Оның бұл ісін желі қолданушылары қатаң сынға алды.
«Келін ортаға труба қойдырып, стриптиз билемей тұрғанда тойға тыйым саламыз-ау», «Тойға тиым салу керек, өз ғұрпымызбен өтуін қадағалау керек», «Біздікілер креатив деген сайын тым әсірелеп жібереді», «Мынау не енді?? Мәңгүрттер», «Артық қыламын деп тыртық қылып жүрген осы асабалар», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, кеше ғана қазақтың байырғы салты – Беташар ЮНЕСКО-ның тізіміне енгені хабарланған болатын.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)