06.12.2024, 08:40
Жаңалықтар
Елордада автокөлік шиналарын жою цехында өрт шықты
Өрт жалпы 500 шаршы метр аумақты қамтыды
Фото: © istockphoto.com
Астана қаласының Сарыарқа ауданында Көктал көшесінде орналасқан автокөлік шиналарын жою цехында түнде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалын резеңке бұйымдарды, жабдықтарды және ғимараттың шатырындағы ағаш құрылымдарды шарпыған.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрі кәсіби әрекеттері арқасында өрттің ауыр зардаптарының алдын алу мүмкін болды. Олар ғимарат ішінен бірінен соң бірі екі газ және екі оттегі баллонын шығарып, жарылыс қаупін жойды. Өрт жалпы 500 шаршы метр аумақты қамтығанымен, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды