Қазақстанда өткен тәулікте 218 адамнан коронавирус анықталды
Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 6969 адамға жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 218 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Өсім 3,2%-ды құрады.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 32 (2,5%)
Алматы қаласы – 37 (2,0%)
Шымкент қаласы – 50 (11,4%)
Атырау облысы – 23 (3,0%)
Қостанай облысы – 12 (12,2%)
Түркістан облысы – 5 (2,1%)
Қарағанды облысы – 24 (9,1%)
Батыс Қазақстан облысы – 10 (3,0%)
Қызылорда облысы – 5 (2,0%)
Алматы облысы – 7 (3,3%)
Жамбыл облысы – 9 (4,3%)
Маңғыстау облысы – 1 (0,6%)
Ақтөбе облысы - 3 (1,3%) адам.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 6 969 адам анықталды. Олардың ішінде:
Алматы қаласы – 1909,
Нұр-Сұлтан қаласы – 1319,
Атырау облысы – 792,
Шымкент қаласы – 485,
БҚО – 339,
Қарағанды облысы – 287,
Қызылорда облысы – 255,
Түркістан облысы – 245,
Ақтөбе облысы – 231,
Алматы облысы – 219,
Жамбыл облысы – 217,
Павлодар облысы – 167,
Маңғыстау облысы – 163,
Ақмола облысы – 134,
Қостанай облысы – 110,
ШҚО – 58,
СҚО – 39 адам.
Айта кетсек, республика бойынша COVID-19 вирусынан емделгендер саны 3598 адамға жетті. Өкінішке қарай, 35 адам көз жұмды.