05.12.2024, 14:49
Жаңалықтар
Павлодарда мұғалімнің оқушыны ұруы: полиция қылмыстық іс қозғады
Педагог оқушыны ұрғаннан кейін жұмысынан қуылды
Фото: Видеодан скриншот
Павлодардағы мектептердің бірінде оқушыны ұрған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Кәмелетке толмағанды ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, Павлодарда мектеп мұғалімі оқушыны тәртіпке салмақ болып ұрып жіберген. Оқушы партаға шығып алып, TikTok желісінде тараған дыбыстарды салып, айғайлаған. Кейін педагог жұмысынан қуылды. Осыған қатысты бүгін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты