«Қазақстанның технологиялық базасы мықты»: МАГАТЭ басшысы атом энергетикасының әлеуеті жайлы айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол референдумда халықтың көпшілігі АЭС салуды қолдағанын ерекше атап өтті

Фото:Azattyq Ruhy

МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси Самарқандтағы халықаралық конференцияда Қазақстанның атом электр энергиясы саласындағы әлеуеті жайлы айтып берді, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан, әрине, санат бойынша жүреді. Олар көп тұтынатын, өндірмейтін, бірақ атом энергиясын тұтыну бағытын ұстанады. Яғни, Қазақстан кезең-кезеңімен жүреді және осы санатқа жатады. Қазақстанда мықты технологиялық база бар, мен олармен өте тығыз жұмыс істеймін», - дейді Рафаэль Мариано Гросси. 

Ол бір жыл бұрын Қазақстанда болғанын айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен  кездестім, президент ұлттық референдум өткізу туралы айтты. Кейін бұл бастама жалғасын тапты. Референдум өтіп, көпшілігі атом энергиясын өндіруді қолдады. Біз осы ядролық энергетиканы енгізуді қолдаймыз. Бұл елде бар экономика үшін орынды. Енгізуге болатын бастамаға атом энергетикасы да жатады. Коммерциялық аспекті де бар»,- дейді МАГАТЭ басшысы. 

Оның айтуынша, елдер бизнесті кіммен жүргізу мәселесіне таңдау жасайды. 

«Реттеуші мәселелерді ескеру қажет, технологиялық мәселе де жоқ емес. Жалпылама түрде де қарастырған жөн. Мен Қазақстанның болашағына зор үмітпен қараймын», - дейді ол. 

Еске салсақ, Самарқанд қаласында «Ислам ытымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің тұрақты дамуында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану әлуеті: халықаралық және ұлттық тәжірибе» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.

Конференцияға ИЫҰ, орталық және Оңтүстік Азия, Ресей, Таяу Шығыс, ЕО, АҚШ, МАГАТЭ, Дүниежүзілік ядролық қауымдастық (WNA) және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысып жатыр.