Өзбекстан әлемде алғашқылардың бірі болып шағын атом станцияларын сала бастады – Мирзиеев
Ол ел атом энергиясын қарқынды дамытуға мүдделі екенін айтты
Самарқанд қаласында «Ислам ытымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің тұрақты дамуында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану әлуеті: халықаралық және ұлттық тәжірибе» халықаралық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеевтің конференция қатысушыларына арнаған баяндамасын оқып берді.
Өзбекстан басшысы конференця қатысушыларына жылы ниетін жетікзіп, халықаралық конференцияның Самарқандта өтіп жатқаны ерекше маңызға ие екенін айтып өтті.
«Самарқанд көп ғасыр бойы батыс пен шығыстың арасында көпір болды. Бүгінде халықаралық маңызды мәселені талқылайтын алаңға айналып отыр. Қазіргі заманға сай жағдайларда климаттың өзгеруі, энергияның дәстүрлі көздерінің жетіспеушілігі атом энергиясын бейбіт түрде қолдану халықтың өмір сүруін жақсартатын баламалы шешім болып отыр», - дейді Шавкат Мирзиеев.
Оның айтуынша, осыдан бір жыл бұрын Дубайда өткен COP-28 климаттық саммитінде көптеген ел 2050 жылы атом энергетикасын үш есе арттыру бойынша келісім жасаған.
«Энергияның экологиялық таза әрі тиімді түрін пайдалану – жаңа Өзбекстандағы реформалардың басты бағытының бірі. Осы салады мақсатты және институттық базаны нығайту мақсатында ұлттық агенттік құрып, атом энергиясын бейбіт қолдану бойынша заң жобасын қабылдадық. Біздің еліміз әлем бойынша алғашқылардың бірі болып шағын атом электр станцияларын салуды бастады. Олар халықаралық талап пен стандартқа сай. Біз МАГАТЭ-ні осы жобаларды жүзеге асыруда маңызды серіктес ретінде қарастырып отырмыз», - деді Өзбекстан президенті.
Өзбекстан атом энергетикасын бейбіт мақсатта белсенді дамытуда, ғылымның тұрақты дамуына, атом технологияларын қауіпсіз пайдалануға және білікті мамандар даярлауға баса назар аудара отырып, өзінің ұлттық атом саласын құрып жатыр. 2030 жылға қарай Өзбекстан ұлттық атом инфрақұрылымын құру арқылы елді сенімді, үнемді және экологиялық таза электр энергиясымен қамтамасыз етуге ниетті.
Елдің басымдықтарының бірі – қуаты аз АЭС салу, бұл ұлттық құзыреттілікті едәуір арттырады және Өзбекстанның атом саласындағы халықаралық имиджін нығайтады. Бұл тұрғыда техникалық көмек көрсетуді, нормативтік базаны дамытуды және Қауіпсіздікті бағалауды қоса алғанда, МАГАТЭ қолдауы ерекше маңызға ие. Конференцияның мақсаты – атом энергиясын бейбіт мақсатта дамыту мен пайдаланудың өзекті мәселелерін, соның ішінде заңнамалық және институционалдық реттеуді, әртүрлі салаларда ядролық технологиялардың қауіпсіздігі мен пайдаланылуын талқылау.
Конференция сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ Өзбекстанның атом саласы үшін кадрлар даярлауды қолдауға ықпал етеді. Конференцияға ИЫҰ, орталық және Оңтүстік Азия, Ресей, Таяу Шығыс, ЕО, АҚШ, МАГАТЭ, Дүниежүзілік ядролық қауымдастық (WNA) және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысып жатыр.
Конференция ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты нығайтады және орнықты дамудың жаһандық мақсаттарына ықпал етпек. Іс-шара қорытындысы бойынша атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және қауіпсіздікті арттыру бойынша ұсынымдар дайындалады, сондай-ақ ОА мен ИЫҰ елдерінде одан әрі халықаралық ынтымақтастық үшін жолдар ұсынылады.