Сондай-ақ Қанат Бозымбаев өңірлік саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері туралы мәлімет берді
Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Президентке Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұлттық жобаның әзірлену барысы жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Ұлттық жобада көзделген міндеттер:
Сондай-ақ Қанат Бозымбаев өңірлік саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері туралы мәлімет берді.
«Бұл шара облыстар арасындағы әлеуметтік, өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымды қамтамасыз ету барысындағы алшақтықты жоюға бағытталған. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды жүйелі үйлестіру үшін Үкімет жанынан Өңірлік саясат жобалық кеңсесі құрылады», - делінген хабарламада.
Маңғыстау облысында авиациялық хабты дамыту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру перспективасын баяндады. Аталған жоба өңірдің экономикалық өсіміне тың серпін беріп, халықаралық көлік-логистика тізбегінің маңызды бөлігіне айналады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Бозымбаевқа Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұлттық жобаны мұқият дайындап, жыл соңына дейін бекітуді тапсырды. Сонымен қатар Өңірлік саясат тұжырымдамасын белсенді іске асыру міндетін жүктеді.