$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев БАӘ президентіне жеделхат жолдады

Президент БАӘ-ні Ұлттық күнімен құттықтады

Тоқаев БАӘ президентіне жеделхат жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды және оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент жеделхатта БАӘ-нің экономикасы қарқынды дамыған ел және халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның басшылығымен Әмірліктердің одан әрі өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның Шығанақтағы басты серіктестерінің бірі саналатын БАӘ-мен берік ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізген.

Серіктес жаңалықтары