$ 523.58  549.71  5.01
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Операция барысында ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 6 ағаш бөшке тәркіленді

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды қаласында есірткі өндірісімен айналысқан ірі зертханаға қарсы арнайы операция ұйымдастырылды. Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері саяжай аумағынан есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар мен прекурсорлар сақталған орынды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Операция барысында ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 6 ағаш бөшке тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл заттардың есірткі өндіру үшін пайдаланылатын прекурсорлар екені белгілі болды. Аталған бөшкелер BMW X5 көлігіне тиеліп, жеке үйге жеткізілмек болған. Көлік тізгінінде Қарағандының 39 жастағы тұрғыны отырған. 

Тінту жұмыстары нәтижесінде үйден: 

  • 1 тоннадан астам прекурсор; 
  • 10 келіден аса дайын альфа-PVP есірткісі; 
  • прекурсорлары бар 6 ағаш бөшке; 
  • құрамында психотроптық зат болуы мүмкін сұйықтығы бар 35 шыны паллет; 
  • белгісіз сұйықтық құйылған 33 канистр; 
  • ұнтақ тәрізді зат салынған 4 қап; 
  • жалпы салмағы 3 келіге жуық альфа-PVP есірткісі салынған 3 вакуумды пакет; 
  • есірткі жасауға арналған жабдықтар мен қосымша құралдар тәркіленді. 

Сонымен қатар заңсыз әрекеттерге пайдаланылған таразылар, телефондар және басқа да заттар алынды. 

Бұл операция нәтижесінде қара нарыққа 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткінің шығуына тосқауыл қойылды. Сондай-ақ жаңа курьерлерді қылмыстық әрекетке тартудың алдын алу мүмкін болды. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Тәркіленген заттарға қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Серіктес жаңалықтары