01.12.2024, 21:27
Жаңалықтар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдарда қозғалыс шектелді
Жолдар 2 желтоқсан күні сағат 08:00-де ашылады деп жоспарлануда
Коллаж: Azattyq Ruhy
1 желтоқсан сағат 19:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды, Ұлытау және Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Жолдар 2 желтоқсан күні сағат 08:00-де ашылады деп жоспарлануда.
Қарағанды облысы:
- Қызылорда-Павлодар автожолының 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы.
- Қызылорда-Павлодар автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы.
- Қарағанды-Аягөз-Боғаз автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласы.
Ұлытау облысы:
- Қызылорда-Павлодар автожолының 756-788 шақырым аралығы, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы.
Павлодар облысы:
- Қызылорда-Павлодар автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты