Бүгін елімізде қарлы боран мен көктайғақ күтіледі

Автор: Дулат Асель

Елордада түнде және таңертең тұман күтіледі

Фото: depositphotos.com

Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы тұрақсыз болады. Күннің суытуы, қар, боран және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні күшейіп, бұрқасын соғуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Жезқазған қ.: 1 желтоқсанда түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 1 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Конаев қ.: 1 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 1 желтоқсан түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 1 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Талдықорған қ.: 1 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Абай облысы

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтау қ.: 1 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысы

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 1 желтоқсанда түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 01 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Астана

Астана қ.: 1 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.