$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 34 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен нәрестенің жағдайы тұрақты

Шымкентте 34 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді
Фото: Otyrar.kz

Шымкент қаласының перинаталдық орталығында 34 жастағы Азиза Қалиева оныншы рет ана атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar-ға сілтеме жасап.

Салмағы 4900 грамм болатын ұл бала 27 қараша күні кесарь тілігі арқылы дүниеге келді.

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен нәрестенің жағдайы тұрақты.

Осы жылдан бастап қалалық перинаталдық орталықта неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Бұл ауыр патологиялары бар нәрестелер мен олардың аналарының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Орталық күрделі операцияларды жүргізуге және мамандандырылған көмектің толық спектрін ұсынуға қажетті жабдықтармен қамтылған.

Жыл басынан бері ішкі ағзаларында туа біткен ақаулары бар 40-тан астам нәрестеге сәтті операция жасалды.

2024 жылы Шымкент перинаталдық орталығында 7517 бала дүниеге келді, олардың 707-і шала туған, ал 96 жұп – егіздер.

Серіктес жаңалықтары