$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда үш қалта ұрысы ұсталды

Олар Алатау және Жетісу аудандарында қолға түскен

Алматыда үш қалта ұрысы ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматыда полицейлер қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны үшін бірнеше қалта ұрысын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұрлықпен айналысатын топ Алатау және Жетісу аудандарында қолға түскен. Криминалдық полицияның хабарлауынша, күдіктілер адамдар көп шоғырланған жерлерде әрекет еткен.

«27 жастағы ер адам 141-бағыттағы автобуста жолаушының ұялы телефонын ұрлағаннан кейін ұсталды. Оның «әріптестері» Жетісу ауданында қолға түсті. Сонымен қатар олардың қарақшылық әрекеттерге қатысы бар екені анықталды», – делінген хабарламада.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды, ал күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары