30.11.2024, 18:28
Жаңалықтар
Ақтау тұрғындары үйіне берілмеген жылу үшін төлем жасауға міндеттелді
Қала тұрғындары кейбір үйлерге күзден бері жылу берілмегенін айтады
Фото: depositphotos.com
Ақтауда бірқатар тұрғын жылу мүлдем болмаған үйлердің де төлем түбіртектерін алғандарына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
«Қала тұрғындары кейбір үйлерге күзден бері жылу берілмегенін, тіпті әлі күнге дейін жылу жоқ екенін айтады. Соған қарамастан, олардан жылу үшін төлем талап етілген. Бұл жағдай тұрғындардың наразылығын туғызып отыр», — деп жазады басылым.
Ақтау қаласы әкімдігі жылу болмаған жағдайда тұрғындар келесі әрекеттерді жасауы керек екенін хабарлады:
- Үйлерді басқаратын және қызмет көрсететін компаниялар тұрғындардан жылу берілмегенін растайтын қол жинауы қажет.
- Жиналған актілерді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне, тұрғын үй инспекциясына және КЖСА-ға өткізу керек.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, осы рәсімдерден кейін ғана жылу төлемі қайта есептелуі мүмкін.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды