Олар қатарластарына қоқан-лоқы көрсеткен
Батыс Қазақстан облысында колледждің төрт студенті өз қатарластарына қоқан-лоқы көрсетіп, ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер қатарластарын қорқытып, ақша талап еткен.
«Күдіктілердің өз қатарластарынан ақша бопсалағаны анықталды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Кінәлілерге қатысты тиісті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады.