$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда көңілдесінің пәтеріне от қойып, үш адамның өмірін қиған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа 30 млн теңге моральдық және 6 млн теңге мүліктік залал төлеу міндеттелді

Атырауда көңілдесінің пәтеріне от қойып, үш адамның өмірін қиған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: istockphoto.com

Атырауда көңілдесінің пәтеріне от қойып, үш адамның өмірін қиды деген күдікке ілінген Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Сотталушыға тұрғын жайға заңсыз кіру, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру, адам өлтіруге оқталу және адам өлтіру айыбы тағылған. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа 30 млн теңге моральдық және 6 млн теңге мүліктік залал төлеу міндеттелді. 

 «Түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны Қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесі белгіленсін. Саясатқа қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын», - деді Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Зарема Хамидуллина.

Еске сала кетейік, жаға ұстатқан қылмыс биыл Индер ауданында болды. 25 сәуір күні 32 жастағы жігіт көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің біріне өрт қойып, салдарынан үйде болған 7 және 10 жастағы екі жасөспірім қаза тапқан. Денесінің 90 пайызын күйік шалған келіншек те көз жұмған еді. Сот кезінде айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ. 

Серіктес жаңалықтары