Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы танымал блогерлердің үйін сатып алды

Автор: Асыл Арман

Олар Алматыда тұратын танымал блогерлердің үш бөлмелі пәтерін сатып алды

Фото: Видеодан скриншот

Әнші Абай Бегейдің биыл жазда 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы Сымбат Абайқызы үйлі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар танымал блогер-отбасы Айгерім Әбілқадірова (aii_officiial) мен Әділдің үйін сатып алғаны белгілі болды.

«Біз үйлі болдық. Аллаға сансыз шүкір! 104 шаршы метр, 3 бөлмелі пәтер иелері атандық. Негізі Мұстафаның үйленерге дейін Алматыда 1 бөлмелі пәтері болды. Бас екеу болған соң ол үйге сыймай үлкен үй алайық деген шешімге келіп, міне, бүгін сол арманымызға жетіп жатырмыз. Бұл үйді де 1 күннің ішінде іздеп, тауып, бүгін көшіп жатырмыз», - деп жазды Сымбат Абайқызы.

Айта кетейік, биыл тамыз айында әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызы Сымбатты алып қашып кеткені, артынан тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Осыдан кейін қоғамда Абай Бегейдің өзіне, кейінгі алған әйелі Фариза Жұмановаға сын көп айтылды.