28.11.2024, 02:00
Жаңалықтар
Алматы облысында пәтерден өрт шығып, анасы мен баласын күйік шалды
Өрт аумағынан газ баллоны сыртқа шығарылды
Бейнеден кадр
Алматы облысында пәтерден өрт шығып, анасы мен баласын күйік шалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Іле ауданының Байсерке ауылында үш пәтерлі барак үлгісіндегі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде газ жабдығының ақаулығына байланысты газ-ауа қоспасының тарсылы орын алып, өртке ұласқан.
«Өрт сөндіру жұмыстары барысында 1980 жылы туған анасы мен 2001 жылы туған ұлы эвакуацияланып, ауруханаға жатқызылды. Оларды күйік шалған. Сонымен қатар, өрт аумағынан газ баллоны сыртқа шығарылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды