«Жылу трассасы бұзылған»: Қарағандыда 60-қа жуық үй жылусыз қалды (ВИДЕО)
Аталған жайтқа қатысты Қарағанды қаласының әкімдігі түсініктеме берді
Қарағандыда троллейбус тиеген ауыр жүк көлігі жылу трассасын бұзып, қалада бірнеше үй жылусыз қалды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, жүк көлігі Шәкіров көшесіндегі жылу трассасын бұзған. Салдарынан 60-қа жуық үй жылусыз қалды.
Аталған жайтқа қатысты Қарағанды қаласының әкімдігі түсініктеме берді.
«Бүгін Шәкіров көшесіндегі жеке секторда басқарылатын автокөліктің габариттерін есептемеген ауыр жүк көлігі жылу трассасын бұзды. Нәтижесінде жеке үйлер жылусыз қалды. Қазіргі уақытта аудан әкімдігі мен «Теплотранзит» ЖШС өкілдері оқиға орнында. Олар жылу жүйесі қатып қалмас үшін су төгіп жатыр, сондай-ақ ескі құбырды бөлшектеуге және жаңа құбырды монтаждауға кірісті.