$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада мектеп оқушысы дәретхана ішінде қатарласын аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

Оқушының ата-анасы баланы тәрбиелеу міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылады

Астанада мектеп оқушысы дәретхана ішінде  қатарласын аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
Фото: depositphotos.com

Астанада мектеп дәретханасында оқушының аяусыз соққыға жығылған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға елордадағы №106 мектепте (Жайлы мектеп)  орын алған.

Астана қалалық ПД баспасөз қызметі аталған фактіге қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факті полицияда тіркелді. Оқушының ата-анасы баланы тәрбиелеу міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылады. Іс бойынша материалда сотқа және қала әкімдігіне қарасты кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданды. Сондай-ақ, полиция білім басқармасына осындай фактілерге жол бермеу туралы ұсыныс жолдады», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары