26.11.2024, 10:50
Жаңалықтар
Автобуста әйел адамды ұрған зейнеткердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамалды (ВИДЕО)
Оқиға кеше Алматы қаласында болған
Фото: Видеодан скриншот
Алматыда қоғамдық көлікте әйел адамды жұдырығымен ұрған 66 жастағы ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, автобус салонында жолаушылары арасында жанжал болған.
Әйел адамның телефонмен қатты сөйлескеніне наразы болған ер адам оны жұдырығымен ұрып жіберген.
«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Батыржан Әбдімасаров.
Айта кетейік, желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға Төле би-Тұрғұт Озал көшелерінің қиылысында №126 автобуста болған.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді
17.08.2026, 13:19
Астанада жас жігіт лифтіде тұрған қыз балаға тиісіп, артынан теуіп жіберген (ВИДЕО)