$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында 100-ден астам қызметкерінің сыйақысын тартып алған шенеунік сотталып тынды

Енді ол мемқызметте өмір бойы жұмыс істей алмайтын болды

Түркістан облысында 100-ден астам қызметкерінің сыйақысын тартып алған шенеунік сотталып тынды
Фото: Видеодан скриншот

Түркістан қаласында қызметкерлерінің сыйақысын жинап алған «Ветеринарлық қызмет» басшысы Б. Бегманов сотталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, аудандық 115 қызметкерге сыйақы ретінде төленген 5,5 млн теңгені жинап алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен Б. Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары