$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда кәсіпкерді алдаған мемлекеттік қызметшіге қатысты сот үкімі шықты

Оған 5 млн теңге мөлшеріндегі айыппұл салынды

Оралда кәсіпкерді алдаған мемлекеттік қызметшіге қатысты сот үкімі шықты
Фото: istockphoto.com

Оралда кәсіпкерді алдаған мемлекеттік қызметшіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО сотының мәліметінше, жолды күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс ойнатылатынын естіген ЖШС директоры қатысуға шешім қабылдаған. 

Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу порталында балдық есептік көрсеткішке сәйкес жеңімпаз болып танылған. Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен аталған ЖШС арасында келісімшарт жасалып, шотына аванс жіберілген.

«ЖШС директоры келісімшарт бойынша аванстың қалған бөлігі қашан түсетінін сұраған кезде басқарманың бас маманы уәкілетті тұлға бола отырып, алдау жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатын көздеген. Атап айтқанда, келісімшарт негізінде авансты төлеу оның қызметтік міндеттеріне кірмейтінін және оған ықпал жасай алмайтынын біле тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланып, аванс бөлігін төлеймін деп, 500 мың теңге сұраған. Басқарманың бас маманы ЖШС директорын алдап, «Kaspi Bank» АҚ-дағы шотына аударған 500 мың теңгені жымқырып, алаяқтық жасаған. Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, оған 5 млн теңге мөлшеріндегі айыппұл жазасын кесті», - делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары