$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында сотталған азаматтан ақша бопсалаған түрме бастығы 45 млн теңге айыппұл арқалады

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Ақмола облысында сотталған азаматтан ақша бопсалаған түрме бастығы 45 млн теңге айыппұл арқалады
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында сотталған азаматтан ақша бопсалаған түрме бастығына қомақты айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Степногорск қалалық сотының мәліметінше, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған Х. сотқа өзін шартты түрде мерзімімнен бұрын босату туралы өтініш берген.

«Мекеме бастығы Б. соттың қабылдайтын шешіміне ықпал ете алмайтынын біле тұра, сотталушыны 6 млн теңгеге мәселесін оң шешуге көмек көрсете аламын деп алдаған. Сонымен қатар Б., егер Х. ақша бермесе, онда шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартылады деп қорқытқан», -делінген сот хабарламасында.

Сотталған Х. құқық қорғау органдарына Б-ның заңсыз талаптары туралы хабарлап, түрме бастығы ақшаны алу кезінде ұсталды.ама

«Сот үкімімен түрме бастығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, құқық бұзушылық жасау жолымен алынған ақша мемлекет кірісіне тәркіленіп, 7,5 еселенген мөлшерде (45 млн теңге) айыппұл тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары