Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері арманындағы аруды суреттеп берді

Автор: Асыл Арман

Ол сүйіктісі жолыққанда үйленуге дайын екенін айтты

Фото: Сілтемедегі видеодан скриншот

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай «The DS’ Show» бағдарламасында өзінің арманындағы аруды суреттеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Боксшы әзірге бас бос екенін, алайда өзінің крийтериіне сәйкес келетін аруды жолықтырғанда шаңырақ көтеруге дайын екенін айтты.

«Ақылды, иманды қыз болуы керек. Иманды дегенде міндетті түрде хиджап киюі шарт емес. Бірақ мені тыңдайтын, менің ата-анама өз ата-анасы секілді қарай алатын қыз керек. Көреміз, бұйырған бір қыз бар ғой», - деді Нұрбек Оралбай.