$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жас күнімізде Айбек сыйлықтарын маған бөліп беретін»: Нұрбек Оралбай егізінің бауырмалдығы туралы айтты

Нұрбек Оралбай сыңарының бала күнінде жарыстардан үнемі жүлдемен оралатынын айтты

«Жас күнімізде Айбек сыйлықтарын маған бөліп беретін»: Нұрбек Оралбай егізінің бауырмалдығы туралы айтты
Фото: Видеодан скриншот

Боксшы Нұрбек Оралбай «The DS’ Show» бағдарламасына берген сұхбатында егізі Айбектің бала күнінде үнемі жүлдемен оралып келетінін, ал алған сыйлықтарын өзіне бөліп беретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Нұрбектің қасында жүріп, алып қалып (авт. – сыйлықтар) жүрміз. Бірақ медаль алған бөлек қой. Сыйлықтар берген кезде «керек емес, керек емес» дегеніңмен іштей алғың кеп тұрады. Егіз болған соң көбісі бөліп-жарғысы келмейді.

Жанашыр, жақын ағамыз Руслан Берденов «Нұрбекке емес, саған сыйлаймын, бауырым» деп көлік сыйлаған», - деді Айбек Оралбай.

Осы тұста Айбектің егізі Нұрбек Оралбай бұл сыйлықтар келесі Олимпиада ойындарында мотивация беретінін айрықша атап өтті.

«Бұл Айбекке де мотивация ғой. Ертең мен ұтылып қалсам, Айбек ұтуы мүмкін. Жас күнімде негізінен мен ұтылып қалатынмын. Айбек ұтып келгенде неше түрлі сыйлықтар береді. Сол кезде ол маған бөліп беретін», - деді Нұрбек Оралбай.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Нұрбек Оралбай күміс медальға ие болса, Айбек Оралбай ширек финалда әзербайжандық боксшыдан жеңіліп қалған.

Серіктес жаңалықтары