$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-тан пошта арқылы есірткі жеткізген: Астананың екі тұрғыны ұзақ мерзімге сотталды

Олар қарапайым пошта арқылы есірткі жеткізуді жоспарлаған

АҚШ-тан пошта арқылы есірткі жеткізген: Астананың екі тұрғыны ұзақ мерзімге сотталды
Фото: Видеодан скриншот

АҚШ-тан есірткі және психотроптық заттарды пошта арқылы жеткізбек болған екі адам 8 және 18 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қызметтік-іздестіру иті арқылы тексеру жүргізу кезінде кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасында жалпы салмағы шамамен 1 кг болатын «гашиш» есірткі заты табылып, тәркіленді.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізілген мониторинг нәтижелері «Қазпошта» АҚ қалалық филиалдарының бірінде сол алушылардың атына тағы бір сәлемдеменің бар екендігін көрсетті.

Сәлемдемеде жалпы салмағы 7 грамнан асатын күшті психотропты зат – тетрагидроканнабинол және оның изомерлері табылды.

Айыпталушылардың бірінің пәтерін тінту кезінде есірткі құралдары, сондай-ақ орауыш материалдар мен таразы табылды», - делінген хабарламада.

Сот шешімімен іске қатысы бар екі кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтей отырып, 8 және 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жалпы, жыл басынан бері есірткі контрабандасы және заңсыз айналымы фактілері бойынша 116 қылмыстық іс тіркеліп, 57,3 кг есірткі тәркіленді.

Сонымен қатар, 1,7 кг психотроптық заттар, анаболиктер (улы зат) – 206 мың дана және «Тропикамид» көз тамшылары – 1 680 дана тәркіленді.

«Егер сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі», - деп хабарлайды агенттік.

Серіктес жаңалықтары