24.11.2024, 16:47
Жаңалықтар
Букингем сарайы үш жыл бойы мемлекеттік қабылдаулар өткізбейді
Букингем сарайында соңғы мемлекеттік қонақ ретінде желтоқсан айында Катар әмірі қабылданады
Фото: © istockphoto.com
Букингем сарайы алдағы үш жылда мемлекеттік қабылдаулар өткізуді тоқтатады. Бұл шешім ғимаратта жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy The Times басылымына сілтеме жасап.
«2027 жылға дейін барлық мемлекеттік қабылдаулар мен іс-шаралар Виндзор сарайында өтеді. Букингем сарайында соңғы мемлекеттік қонақ ретінде желтоқсан айында Катар әмірі қабылданады деп жоспарланып отыр. Букингем сарайында жөндеу жұмыстары 10 жылға жоспарланған және 369 миллион фунт стерлингті (462,3 миллион доллар) құрайды», — деп жазылған мақалада.
Қазіргі уақытта сарайдың ең сәнді залдары уақытша жабық.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады