23.11.2024, 21:50
Жаңалықтар
Мәнерлеп сырғанау: Қытайда өткен сайыста қазақстандық Михаил Шайдоров күміс медаль еншіледі
Қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров екінші орынға тұрақтап, сол орынды сақтап қалды
Фото: olympic.kz
Қытайдың Чунцин қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров екінші орынға тұрақтап, сол орынды сақтап қалды.
Еркін бағдарламада көрсеткен өнері үшін қазақстандық спортшы 182,96 ұпай жинады. Жалпы есеп бойынша 276,17 ұпай жинаған Шайдоров жарысты күміс медальмен қорытындылады.
Жалпы қорытынды бойынша, бірінші орынды жапондық Сюн Сато 278,48 ұпаймен жеңіп алды. Үздік үштікті француз Адам Сяо Хим Фа 252,53 ұпаймен аяқтады.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 07:39
Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы